Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек корғаудың құқықтық негіздері




Әдістемелік кеңестер. Еңбек қорғаудың құқықтық сұрақтарын оқу барысында еңбек қорғау саласындағы нормативтік-кұқықтық актілердің жүйелерімен танысу керек. Еңбек қорғау мәселелері қарастырылған Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі болып табылады. Еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіздендіру мақсатында еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесін, салалық стандарттарды және олардың нормативтік құжаттарын (нормалары, тәртіптері, нұсқаулары) оқу қажет.

Бұл тақырыпты талдау кезінде келесі сұрақтарды оқу керек:

1. Әйелдер мен жасөспірімдер еңбегін қорғау.

2. Жұмыс және демалыс уақыты.

3. Еңбек қорғау жөніндегі заңдылықтарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Әдебиеттер: 1,2,3,4.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қазакстан Республикасының Еңбек кодексі және Азаматтық,
қылмыстық заңдар кодексінде еңбек қорғау туралы сұрақтарды
түсіндіріңіздер.

2. Еңбекті қауіпсіздендіру стандарттарының (ЕҚСЖ) жүйелеріне
мінездеме беріңіздер. ЕҚСЖ құрастырудың негізгі принциптері.

3. Қандай салалық стандарттарды және нормативтік құжаттарды
білесіздер?

4. Еңбек ұжымдарындағы жұмыс уақытының режимі қалай?

5. Жұмыс істеп жүрген әйелдерге қандай жеңілдіктер беріледі?

6. Жұмыстағы еңбекті қорғауды мемлекет тарапынан кімдер
қадағалайды?

7.Еңбек ұжымдарында еңбекті қорғау жұмыстарына кімдер жауапты?

Ндіріс санитариясы

Әдістемелік кеңестер. Бұл тақырыпты оқу барысында микроклимат көрсеткіштерімен оның адам организміне әсерімен өндіріс жайларын және жұмыс орындарын жылытудың типтік есептерімен танысу керек. Сонымен қатар барлық өндірістік факторлардың шаң, газ, ылғал, діріл, шу, нашар жарық, температураның өзгеруі, электромагниттік шағылу мөлшерлері санитарлық-гигиеналық талаптардан ауытқыған жағдайда олар адам организміне кері әсер етеді СН-245-95.

Студент жарықтандыру сұрақтарын оқуды негізгі жарық-техникалық түсініктерінен бастауы керек. Ол жасанды жарық көздерімен танысу, өндіріс орындарын жасанды және табиғи жарықтармен қамтамасыз ету әдістерін қадағалауды және оларды білуі керек.

Өндірістік шу мен діріл сұрақтарын талдау кезінде студент шудың дыбыс жиілігіне байланысты қандай класқа бөлінетіндігі, адам организміне кері әсер етпейтін дірілдердің түрлерін білуі керек. Шуды нормалаудың принциптерінен және шудан, ультрадыбыстан қорғану әдістерін, машина мен жабдықтардың дірілін азайту шараларын білуі керек.

Бұл тақырыпты оқу кезінде электромагниттің, иондық және радиоактивті сәулелену, ауыл шаруашылығы мекемелері жобаларына санитарлық-гигиеналық және жеке қорғаныс жабдықтарына кауіпсіз және зиянсыз талаптарды білуі керек.

МЕСТ 14.4.011-96 талаптарына сәйкес қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғанатын жеке, ұжымдық қорғаныс құралдарының жіктемесін оқу керек.

 

Әдебиеттер: 2,3,4,5,6,8.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

 

1. Микроклиматтың қандай көрсеткіштерін білесіздер?

2. Жылыту жүйелерінің қандай түрлерін білесіздер?

3. Өндірістік шаңдар мен улардан қорғану қалай іске асады?

4. Өндіріс орындарында микроклиматты қалай қалыпқа келтіреді?

5. Ауа алмасу дегеніміз не?

6. Ауаны кондиционерлеу қалай іске асады?

7. Өндіріс орындарындағы ауаның санитарлық-гигиеналық параметрлері
қандай құралдармен өлшенеді?

8. Жарықтанудың қандай түрлері бар?

9. Жасанды жарық мөлшері қалай өлшенеді?

10. Шудан қорғанудың қандай әдістері бар?

11. Машина мен жабдықтардың дірілін төмендету қалай іске асады?

12. Электромагниттік және радиоактивтік сәулеленуден қалай қорғануға
болады?

13. Өндіріс орындарында қандай санитарлық-гигиеналық талаптар
қойылады?

14. Өндірістегі қауіптіліктер мен зияндылықтардан қорғану үшін қандай жеке қорғаныс кұралдарын пайдалану керек?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных