Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауылдың қоршаған орта нысандарының ластану көздері




Топырақ және су көздерінің ластануы тудыратын жағдайлар мыналар:

- өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылған заттар;

- көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулардың жырып өтіп кетуі;

- жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып етіп шығуы;

- ауылдық елді мекемелердің аумақтарын дұрыс жоспарламау.
Су қоймасына түскен жуынды судың әсері суда еріген оттегі

мөлшерінің күрт азаюы, шіріген иістердің пайда болуы, қарақошқыл түсі, органикалық заттар ОБҚ және қышқылдануының көбеюі арқылы білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак және органикалық қосылыстар шоғыры күрт жоғарылайды. Топырақта ішек тобына жататын патогендік бактериялар мен сальмонеллездер бір айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 см және одан да тереңге кіруі мүмкін.

Атмосфералық ауаны газдармен ластаудың негізгі көзі — көң мен құс саңғырығы болып саналады. Газдар жерге түсу, тасымалдану, сақтау, өндеу және жою үрдістерінде шығады.

Жерге жаңа түскен тезекте анаэробтық үрдістер дами бастайды

- жасушадан тыс ферменттер көміртектік кешенді қарапайым қанттарға, протеинге және аминоқышқылдарға, майға және майлы қышқылдарға (сірке суы, май, пропиондық қышқылдары) дейін гидролиздейді, соның нәтижесінде қышқыдданып дамиды;

- қышқьщдануы ашудың регрессиясы: органикалық қышқылдар ерітілетін азоттың қосылыстар аммиакка, көмір қышқыл газына, азотқа, метанға, сутегіге ыдырайды, Рн арта түседі және күкіртті
сутегі, индол, скатол, меркаптан пайда болады;

- сілтілік ашу: органикалық қышқылдар көмір қышқыл газы мен метанға ыдырайды.

Мал шаруашылығы мен кұс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық үрдістерінің нәтижесінде 27 газтәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутегі, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар. Олар фекалийлерден иістер шығуының себебі болады. Олар жануарларға да, адамдарға да зиянды әсер етеді. Олардың жиіркеніш тудыратын қасиетінен басқа да әсері болады: бас ауыру, жүрек айну және үстүрт тыныс алу, қышқылдану үрдістерінің әлсіреуіне, тыныс органының функциясы бұзылуына, орталық жүйке мен сезім органдарының (иіс сезу) бұзылуына ықпал жасайды.

Шошқа шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа 1500 м қашықтыққа дейін 0,44 мг/м3, 2500 м — 0,22-0,44 мг/м3, 300 м — 0,33 мг/м3, 3500 м - 0,22 мг/м3 аммиакпен ластанады. 3000 м қашықтықта 47,5 % сынамалар аммиак бойынша ШРЕК асады және 4500—5000 м қашықтықта ғана аммиак мөлшері ШРЕК деңгейінде болады. Кешендерден 2500 м қашықтықта өзіне тән арнаулы иіс сезіледі. Шошқа шаруашылығы кешендері ауданындағы атмосфералық ауаны биологиялық зерттеу көрсеткендей, одан 100, 200 м қашыктықта 1 м3 ауада микробтар саны 1501825 құрады, 800 м — 900 дейін, ал 2000 м 25 тен 1300 дейін микробтар болды, ол бақылау (контроль) сынаманың мағынасына жақындайды.

Ірі қара мал (10 000 бас) шаруашылығы кешенінен атмосфералық ауа ластануы мынадай ұлгіде көрінеді. Кешеннен 700 м қашықтықта аммиактың шоғырлануы 0,50 мг/м3, 1800 ден 2300 м дейін — 0,44 мг/м3 анықталады, сонда осы қашықтықта аммиак шоғырлануы 37 % болған жағдайында ШРЕК артты. Кешеннен 3000 м қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен төмен болды. Күкіртті сутегі мен меркаптандар атмосфералық ауада анықталмайды. Органолептикалық арнайы иіс комплекстен 700—1200 м қашықтыкта үнемі және күшті сезіледі, 1800 м — үнемі және әлсіз, 2500—3000 м — үнемі емес әлсіз болып сезіледі.

Осы үлгімен, гигиеналық көзқарас тұрғысынан 1800 ден 2000 м қашықтықта тұрғындардың тұруына болмайды және ірі қара мал кешені (10 мың бас) атмосфералық ауаны 3000 м қашықтықта ластайды. Құс шаруашылығы кешендерінің ауданында атмосфералық ауа аммиакпен ластанады оның концентрациялары өнеркәсіп алаңшасында 0,22-1,22 мг/м3 аралығында, 500 м қашықтықта - 0,38 ден 0,47 мг/м3, 1000 м - 0,37-0,39 мг/м3, 1500 м - 0,15-0,50 мг/м3, 2000 м -0,20-0,27 мг/м\ 2500 м - 0,11-0,16 мг/м3 анықталды. 2500 м және одан алыс қашықтықта аммиак шоғыры ШРЕК-тен аспайды.

Құс шаруашылығы кешендерінен органолептикалық анықталатын арнайы иіс 2500 м дейін таралады: 1000 м дейін — үнемі және күшті, 1500—2000 м - үнемі және әлсіз, 2500-3000 м — үнемі емес және әлсіз. Сонда 2500 м құс шаруашылығы кешенінен ұнамсыз иістердің таралатын шекарасы деп санауға болады. Осы комплекстер ауданындағы атмосфералық ауада бактериалдық шашылуы өнеркәсіп алаңшасында 1 м 3 ауада 13400 микробтар, 100 м қашықтықта - 905-тен 2925 дейін; 500 м - 1500-8700: 1000 м - 1925-4100; 2000 м - 150-1125; 2500 м - 175-1200 микробтар құрайды. 3000 м қашықтыкта микробтық шашылу 1 м3 ауада 150—950 микробтар құрайды және іс жүзінде бақылаудағымен бірдей (225-900). Ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі қалаға қарағанда біршама өзгеше. Мәселен, республика бойынша ауылдардың

18—20 % немесе 36 % ауылдық тұрғындар орталық арқылы сумен қамтамасыз етілген, ал кепілдік сапасы бар ауыз сумен 60 % шамасында республика тұрғындары қамтылған. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300—350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 50—60 л ғана құрайды.

Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар денсаулығын сақтауда судың мағынасы зор.

Бұл — ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік. Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, сүзек-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына су себепкер болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных