Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күрделі (кірістірілген) циклдар




6.36. n және k оң бүтін сандары берілген. Келесі қосындыны табу керек:

1k + 2k + … +nk.

Бүтін санды «тасқынды» болдырмау үшін қосындыны нақты айнымалы

арқылы орындап, нәтижені нақты сан ретінде шығару керек.

6.37. n (n>0) бүтін сандары берілген. Келесі қосындыны табу керек:

11 + 22 + … +nn.

Бүтін санды «тасқынды» болдырмау үшін қосындыны нақты айнымалы

арқылы орындап, нәтижені нақты сан ретінде шығару керек.

6.38. n (n>0) бүтін сандары берілген. Келесі қосындыны табу керек:

1n + 2n-1 + … +n1.

Бүтін санды «тасқынды» болдырмау үшін қосындыны нақты айнымалы

арқылы орындап, нәтижені нақты сан ретінде шығару керек.

6.39. a,b бүтін оң сандары берілген (a<b). Олардың арасындағы барлық бүтін сандарды a және b сандарының өздерін қоса және әр санды өзінің мәніне тең рет шығару керек. Мысалы, 3 саны – 3 рет, 4 саны – 4 рет, т.с.с. шығарылады.

6.40. a,b бүтін оң сандары берілген (a<b). Олардың арасындағы барлық бүтін сандар a және b сандарымен бірге мына ережені сақтай отырып шығарылуы керек: a саны – 1 рет, а+1 саны – 2 рет, а+2 саны – 3 рет, т.с.с.

 

7. Алғышартты қайталау (WHILE циклы)

7.1. a және b оң сандары берілген (a>b). Ұзындығы а кесіндінің бойында ұзындығы b -ға тең кесінділердің максимум саны орналасқан (өзара беттеспейді). Көбейту және бөлу амалдарын пайдаланбай а кесіндісінің бос бөлігінің ұзындығын табу керек.

7.2. a және b оң сандары берілген (a>b). Ұзындығы а кесіндінің бойында ұзындығы b -ға тең кесінділердің максимум саны орналасқан (өзара беттеспейді). Көбейту және бөлу амалдарын пайдаланбай а кесіндісінде орналасқан b кесінділерінің санын табу керек.

7.3. n және k оң бүтін сандары берілген. Тек қосу және азайту амалдарын пайдаланып, n -ді k -ға бүтін бөлудің нәтижесін және қалдығын табу керек.

7.4. n (n>0) бүтін саны берілген. Егер ол 3-тің дәрежесі болса, TRUE сөзін, әйтпесе, FALSE сөзін шығару керек.

7.5. 2 санының қандай да бір дәрежесі болып табылатын n (n>0) бүтін саны берілген: n = 2k. Осы дәрежелік санның көрсеткішін, яғни k-ны табу керек.

7.6. n (n>0) бүтін саны берілген. n санының екеулік факториалын табу керек: n!!=n(n-2)(n-4)…

(егер n жұп сан болса, онда соңғы көбейткіш 2-ге, ал тақ болса –1-ге тең).

Бүтін санды «тасқынды» болдырмау үшін көбейтіндіні нақты айнымалы

арқылы орындап, нәтижені нақты сан ретінде шығару керек.

7.7. n (n>0) бүтін саны берілген. Квадраты n- нен асатын ең кіші бүтін k оң санын табу керек: k2 ≥ n. Квадрат түбірді анықтау функциясы қолданылмасын.

7.8. n (n>0) бүтін саны берілген. Квадраты n- нен аспайтын ең үлкен бүтін k санын табу керек: k2 ≤ n. Квадрат түбірді анықтау функциясы қолданылмасын.

7.9. n (n>1) бүтін саны берілген. 3k > n теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін k санын табу керек.

7.10. n (n>1) бүтін саны берілген. 3k < n теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін k санын табу керек.

7.11. n (n>1) бүтін саны берілген. 1+2+…+k қосындысының мәні n-нен кем болмайтын ең кіші k санын және осы қосындыны табу керек.

7.12. n (n>1) бүтін саны берілген. 1+2+…+k қосындысының мәні n-нен аспайтын ең үлкен k-ны табыңыз және осы қосындыны шығарыңыз.

7.13. a (a>1) саны берілген. 1+1/2+…+1/k қосындысының мәні a -дан үлкен k бүтін сандарының ішіндегі ең кішісін және осы қосындының өзін табу керек.

7.14. a (a>1) саны берілген. 1+1/2+…+1/k қосындысының мәні a -дан кем k бүтін сандарының ішіндегі ең үлкенін және осы қосындының өзін табу керек.

7.15. Банктегі бастапқы салым 10000 теңгеге тең. Әр ай сайын салымның мөлшері бастапқы соманың p% -на артады. (0<p<25 – нақты сан). Берілген р бойынша салым мөлшері неше айда 11000 теңгеден асатынын анықтап, k – анықталған ай саны мен s – салым мөлшерін шығару керек.

7.16. Шаңғышы жаттығуды бастапқыда 10 км жүгіруден бастады. Ол әрбір келесі күні жүгіру ұзақтығын алдыңғы күндегіден р% -ға артық жүгіреді (0<p<50 – нақты сан). Берілген р бойынша нешінші күннен кейін спортшының жалпы жүгірген жолы 200 км -ден асатынын анықтап, k – анықталған күн саны мен s – жалпы жолды шығару керек.

7.17. n бүтін оң саны берілген. Бүтін бөлу және бөлудің қалдығын алу амалдарын ғана пайдаланып, оның цифрларының барлығын ең кіші разрадынан (бірліктерден) бастап шығару керек.

7.18. n бүтін оң саны берілген. Бүтін бөлу және бөлудің қалдығын алу амалдарын ғана пайдаланып, оның цифрларының санын және қосындысын шығару керек.

7.19. n бүтін оң саны берілген. Бүтін бөлу және бөлудің қалдығын алу амалдарын ғана пайдаланып, берілген санды оңнан солға қарай оқығанда пайда болатын санды шығару керек.

7.20. n бүтін оң саны берілген. Бүтін бөлу және бөлудің қалдығын алу амалдарын ғана пайдаланып, берілген санның жазылуында «2» цифрының бар не жоқ екенін анықтау керек. Егер бар болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

7.21. n бүтін оң саны берілген. Бүтін бөлу және бөлудің қалдығын алу амалдарын ғана пайдаланып, берілген санның жазылуында тақ сандар бар не жоқ екенін анықтау керек. Егер бар болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

7.22. n(n>1) бүтін саны берілген. Егер ол жай сан болса, яғни 1-ден және өзінен басқа бүтін бөлгіші жоқ болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

7.23. Оң a және b бүтін сандары берілген. Евклид алгоритмін қолданып оардың ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) табу керек: ЕҮОБ(a,b)= ЕҮОБ(b, a mod b), егер b ≠ 0 болса, ЕҮОБ(a,0)=а.

7.24. n(n>1) бүтін саны берілген. Fk Фибоначчи сандарының тізбегі былай анықталады: F1=1, F2=1, Fk=Fk-2+Fk-1, k=3,4,…

Берілген n саны Фибоначчи саны болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін

шығару керек.

7.25. n(n>1) бүтін саны берілген. n-нен үлкен бірінші Фибоначчи санын табу керек (Фибоначчи санының анықталуы 7.24 есепте берілген).

7.26. Фибоначчи саны болып табылатын n(n>1) бүтін саны берілген: n=Fk (Фибоначчи санының анықталуы 7.24 есепте берілген). Fk-1 және Fk+1 сандарын – Фибоначчи санынан алдыңғы және кейінгі сандарды табу керек.

7.27. Фибоначчи саны болып табылатын n(n>1) бүтін саны берілген: n=Fk (Фибоначчи санының анықталуы 7.24 есепте берілген). n Фибоначчи санының k реттік нөмірін табу керек.

7.28. ε>0 нақты саны берілген. ak нақты сандар тізбегі былай анықталады:

a1=2, ak=2+1/ak-1, k=2,3,…

| ak – ak-1 |< ε шартын қанағаттандыратын k нөмірлерінің алғашқысын, сонымен қатар, ak және ak-1 сандарынтабу керек.

7.29. ε>0 нақты саны берілген. ak нақты сандар тізбегі былай анықталады:

a1=1, a2=2, ak=(ak-2+2× ak-1)/3, k=3,4,…

| ak – ak-1 |< ε шартын қанағаттандыратын k нөмірлерінің алғашқысын, сонымен қатар, ak және ak-1 сандарынтабу керек.

7.30. a,b,c оң сандары берілген. a ´ b өлшемді тік төртбұрыштың ішіне қабырғасы с -ға тең шаршылардың максимум саны орналасқан (өзара беттеспейтін). Тік төртбұрыштың ішіндегі шаршылардың санын анықтау керек. Көбейту және бөлу амалдары қолданылмасын.

Тізбектер

Бұл топтағы есептердің барлығында берілген тізбек бос емес деп есептеледі, яғни элементтерінің саны нөлдік емес.

8.1. Он нақты сан берілген. Олардың қосындысын табу керек.

8.2. Он нақты сан берілген. Олардың көбейтіндісін табу керек.

8.3. Он нақты сан берілген. Олардың арифметикалық орта мәнін табу керек.

8.4. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі сандардың қосындысы мен көбейтіндісін табу керек.

8.5. n бүтін саны және n оңнақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың бүтін бөліктерін (нөлдік бөлшек бөлімі бар нақты сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және сандардың бүтін бөліктерінің қосындысын табу керек.

8.6. n бүтін саны және n оңнақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың бөлшек бөліктерін (нөлдік бүтін бөлімі бар нақты сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және сандардың бөлшек бөліктерінің көбейтіндісін табу керек.

8.7. n бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық сандардың дөңгелектенген мәндерін (бүтін сан түрінде) берілген тәртіппен шығару және дөңгелектенген сандардың қосындысын табу керек.

8.8. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық жұп сандарды берілген тәртіппен шығару және мұндай сандардың нешеу екенін анықтау керек.

8.9. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбектегі барлық тақ сандарды берілген тәртіппен шығару және мұндай сандардың нешеу екенін анықтау керек.

8.10. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Егер тізбекте оң сандар бар болса –TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

8.11. n,k бүтін сандары және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Егер тізбекте k санынан кіші элементтер бар болса –TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

8.12. Нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбек элементтерінің санын анықтау керек.

8.13. Нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектегі барлық оң жұп элементтердің қосындысын анықтау керек. Егер тізбекте мұндай сандар жоқ болса, 0 шығарылсын.

8.14. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектің k -дан кіші элементтерінің санын анықтау керек.

8.15. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектің k -дан үлкен бірінші элементінің нөмірін, ал егер ондай элемент жоқ болса, 0-ді шығару керек.

8.16. k бүтін саны және нөлдік емес бүтін сандар тізбегі берілген. Тізбектің аяқталу белгісі - 0 саны. Тізбектегі k -дан үлкен ең соңғы элементтің нөмірін, ал егер ондай элемент жоқ болса, 0-ді шығару керек.

8.17. b нақты саны, n бүтін саны және өсу реті бойынша реттелген n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Тізбекке оның реттілігін бұзбай b санын кірістіріп, алынған элементтерді шығару керек.

8.18. n бүтін саны және өсу реті бойынша ретелген n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Тізбекте мәнді бірдей элементтер болуы мүмкін. Реттілігін бұзбай тізбектегі түрлі элементтерді шығару керек.

8.19. n (n>1) бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Жиындағы өзінен алдыңғы элементтен кіші сандарды шығарып, ондай элементтер саны k-ны анықтау керек.

8.20. n (n>1) бүтін саны және n бүтін саннан тұратын тізбек берілген. Жиындағы өзінен кейінгі элементтен кіші сандарды шығарып, ондай элементтер саны k-ны анықтау керек.

8.21. n (n>1) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Берілген сандар жиыны өспелі тәртіппен орналасқан болса – TRUE, әйтпесе FALSE сөзін шығару керек.

8.22. n (n>1) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Егер берілген сандар жиыны кемімелі тәртіппен орналасқан болса – 0-ді, әйтпесе – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірін шығару керек.

8.23. n (n>2) бүтін саны және n нақты саннан тұратын тізбек берілген. Егер жиынның әрбір ішкі элементі өзінің көршілерінен не артық, не кем болса, онда оны «ара тәріздес тізбек» деп атайды. Егер берілген тізбек ара тәріздес болса – 0-ді, әйтпесе – осы заңдылықты бұзған бірінші элементтің нөмірін шығару керек.

8.24. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын және құрамында кемінде екі нөлдік элементі бар тізбек берілген. Осы жиындағы ең соңғы екі нөлдің арасында орналасқан элементтер қосындысын анықтау керек (егер соңғы екі нөл қатар орналасқан болса, онда 0 шығарылсын).

8.25. n бүтін саны және n бүтін саннан тұратын және құрамында кемінде екі нөлдік элементі бар тізбек берілген. Осы жиындағы бірінші және соңғы нөлдің арасында орналасқан элементтер қосындысын анықтау керек (егер бірінші және соңғы нөлдер қатар орналасқан болса, онда 0 шығарылсын).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных