Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЭЛЕКТРОНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ




Білім және ғылым министрлігі

М.Х. Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университеті

 

Т.А. Сералиев

 

ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ

РАДИОЭЛЕКТРОНИКА

НЕГІЗДЕРІ

 

 

Оқу құралы

 

Баспасы

«Тараз университеті»

Тараз, 2016


ӘОЖ 628.036

КБЖ 32.85

С 93

 

 

Сералиев Т.А.

Электроника және радиоэлектроника негіздері: Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті, 2016. – 271 б.

 

Пікір жазғандар:

Тоқжигитов К. – ф.м.ғ.д., «Физика» кафедрасының профессоры, ТИГУ;

Қырықбаев М. – т.ғ.к., «Автоматика және телекоммуникация» кафед-расының доценті ТарМУ.

 

 

Оқу құралында электроникалық аспаптары мен құрылымдық элементердің негізгі сипаттамалары және олардың құрылыстары, түрлері және жұмыс істеу тәртіптері қарастырылған.

Бұл оқулық жоғарғы оқу орындарының техникалық мамандығының білімгерлеріне арналған.

 

 

КБЖ 32.85

 

Баспаға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университе-тінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №11, 30.05.2015 ж.).

 

© Сералиев Т.А., 2016

© М.Х. Дулати атындағы, 2016


КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезде барлық материалдық және білімдік қажеттігіне байланысты электроникалық құралдар компьютерлік жабдықтарда, техникалық құралдар мен радио және телекөрсеткіштерде, ұялы телефондарда, космостық техникаларда ж.т.б. өндірістердің автоматтан-дырылған көптеген салаларында электроника құралдары мен құрылымдары кеңінен пайдаланады және электроникасыз жаңа техно-логия дами алмайды.

Электрониканың тез дамуна байланысты, микроэлектроника саласы, интегралдық микросұлбаларға (ИМС) және өте үлкен интегралдық микросұлбаларға (ҮИМС) алмасты. ИМС пассивті және активті элементтер көп мөлшерде кіргізіліп, 1958-1960 жылдары жасалына басталды. Микроэлектроника саласына үлкен үлес қосқан ғалымдар А. Альферов, ж.т.б. инженерлер: А.И. Шокин, И.Е. Ефимов, В.Г. Колесников және т. б.

ҮИМС-ы есептегіштер, кішкене ЭЕМ, еске сақтау блоктары, әріптік-санды түрлендіргіштер, тіркегіштер және т. б. көптеген логика-лық функциялық жүйелерді атқарады.

Қазіргі өндірісті электрониканың негізі болып есептелінетін шала немесе жартылай өткізгішті резисторлардың, диодтар мен транзисторлардың және тиристорлардың құрлысы, жұмыс істеу тәртібі, кейбір техникалық параметрлері мен сипаттамалары қарастырылады. Осы элементерден тұратын қарапайым күшейткіштер мен түзеткіштердің де құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі қамтылады.

Электроника пәнін оқып-үйрену қазіргі заман мамандық білімгерлеріне мынадай талаптар мен мақсаттар қойылады:

- кең тараған электроникалық құрылғылардың құрылысын, жұмыс істеу тәртібін, негізгі қасиеттерін білу;

- электроникалық құрылғылардың қандай үрдістерде қолдануға болатындығын, олардың техникалық мүмкіндіктерін, экономикалық тиімді әлпілерін білу;

- элементтердің шартты белгілерін және терминдерін біліп, нобайларын немесе сұлбаларын оқи алатындай болу;

- зерттеу, жобалау жұмыстарында және технологиялық қондырғыларды пайдалану кезінде әр түрлі есептерді шығару үшін негізгі құрылғылар мен аспаптарды таңдап ала алатындай болу;

- электроникалық құрылғылар мен аспаптарды экономикалық тиімді пайдаланып және олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ете білу.

Мұндай біліми деңгейге лекциялық, практикалық және зертханалық сабақтарда берілетін мағлұматтарды толық игергенде және өз бетімен электроникалық оқулықтарды оқып-үйрену нәтижесінде ғана жетуі мүмкін.

Бұл оқулық құралы қазіргі заманның негізгі техникалық және технологиялық өндірістерге керекті «Электрэнергетика», «Автоматика» ж.т.б. техникалық мамандықтарға арналған.

«Электроника және радиоэлектроника негізі» атты оқулық қазақша жазылған. Оқулық құрамында электрониканың негізгі элементтерінің мазмұны толық қарастырылған және жұмыс істеу тәртібі мен пайдалану аймақтары көрсетілген. Элементтердің Вольт-Амперлік сипаттамалары мен құрылыстары келтірілген. Оқұлық құралы жалпы алты тараудан тұрады.

Бірінші тарауда жартылай өткізгіштердің электронды-акцепторлы теориясының байланыс құбылыстарының қасиеттерін қарастырған.

Екінші тарауда пассивті элементтер сипаттамалары мен есептемелері көрсетілген.

Үшінші тарауда диодтар түрлері мен электронды құралдардың классификациялық қасиеттері сипаталынған.

Төртінші тарауда генераторлар, интегралдық микросхемаларды жасаудың технологиялық үрдістері қарастырған.

Бесінші тарауда күшейткіштер элементердің және триггердің жұмыс істеу тәртіптері мен физикалық қасиеттері сипаталынған.

Алтыншы тарауда микропроцессордың және компьютерлік техниканың есептеуші, еске сақтаушы және басқарушы жолдары мен жұмыс істеу тәртіптері көрсетілген.

 

 


Тарау I

ЭЛЕКТРОНИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных