Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және жекешелендіру.




КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісінің басталуы - мемлекеттік меншіктің үлесін азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.

Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.

Жекешелендіру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар артықшылықтары бар:

1. Микроэкономикалық артықшылықтары:

- капиталды инвестициялау;

- өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;

- жаңа басшылық;

- жаңа технологиялар.

2. Макроэкономикалық артықшылықтары:

- бәсекелестіктің күшеюі;

- қаржылық тұрақтылық;

- капитал нарығының дамуы;

- әлеуметтік бағдарламалар;

- тікелей шетел инвестицияларын тарту.

3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:

- жаңа нарықтар;

- тәуекелдің төмендеуі;

- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;

- тұтынушылар үшін пайдалылығы.

Жекешелендірудің түрлері:

1. Кіші жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.

2. Жаппай жекешелендіру - жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық жекешелендіру деп аталады.

3. Жеке жобалар жекешелендіру - жұмысшылар саны 5000 адамнан асатын ірі және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

4. Жекеше жекешелендіру - мемлекеттік меншік объектілерін жекелеген бөліктерге бөліп жекешелендіру.

5. Қарапайым кездейсоқ жекешелендіру - мемлекет тарапынан бақылау орын алмайтын жекешелендірудің түрі.

Әлемдік тәжірибеде жекешелендірудің алғашқы үш түрі аса кең тараған деп жиі айтылады.

Жекешелендірудің әдістері:

1. Аукциондар, бұлар конкурстар жариялау арқылы қандай да бір мүлікті сату және сатып алу тәсілдерін қарастырады. Бұл жерде үміткерлер қатысатын ашық сауда коммерциялық конкурс арқылы жүргізіледі. Коммерциялық конкурс - максималды бағасы ұсынылып, сатып алушы қойылған шартты толық орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.

2. Акцияларды сату, яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық конкурс - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылатын сауда-саттық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных